Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан турнир өткізді

Loading

СҚО полицейлері Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан полицейлері жақындап келе жатқан Тәуелсіздік күнін спорттық мерекемен қарсы алды. СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалымен бірлесіп облыстық полиция ведомствосы аппаратының қызметкерлері үшін шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Ең мықты атану үшін 15 команда күресті. Олардың құрамына полиция департаменті басқармаларының басшылығы мен жеке құрамы кірді.

Ойын екі күнге жалғасты. Жарыс керемет және қарқынды өтті. Қарқынды бәсекелестіктің нәтижесінде бірінші орынды оқу-жаттығу взводының қызметкерлері иеленді. Екінші орынды әкімшілік полиция басқармасының командасы жеңіп алды – олар жарыс фавориттерінің бірі. Үшінші орында – арнайы жедел әрекет ету жасағы.

Марапаттарды жүлдегерлерге СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Орал Хамзин табыстады.

– Командалық спорт қызметтік күнделікті өмірде эмоционалды разряд беріп қана қоймай, сондай-ақ жақсы дене шынықтыруға көмектеседі, сонымен қатар қарым-қатынасты нығайтуға, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру