Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жарты жылда 91 әйел арнаулы көмек көрсету орталықтарына орналастырылды

Шымкентте жарты жылда 91әйел арнаулы көмек көрсету орталықтарына орналастырылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ермахан Абдрамановтың айтуынша, 1 шілдеден, яғни отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгеннен бастап бүгінгі күнге дейін қала бойынша полицияның «102» арнасына отбасылық жанжал туралы 3304 шақырту түскен. 2485 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс сотқа жолданған.

Аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция тарапынан ұйымдастырылған «Тұрмыс», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатамыз» және «Зорлық-зомбылықа қарсы 16 күн» белсенділік акциялары мен жедел-профилактикалық іс-шаралары өтті.

Үкіметтік емес ұйымдармен, әлеуметтік арнаулы көмек көрсету орталықтарымен бірлесіп, азаматшаларға психологиялық, құқықтық және өзге де көмектер көрсетіліп жатыр. 91 әйел арнаулы көмек көрсету орталықтарына орналастырылды. Әлеуметтік ортамен жүргізілген жұмыстар барысында 146 жайсыз отбасы есепке алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жұмыс полицияның ерекше бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру