Биыл Жетісу облысында 342 мас жүргізуші жауапқа тартылды
Биыл Жетісу облысында 342 мас жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылы Жетісу автожолдарында 342 көлік жүргізуші көлікті мас күйде басқарған. Оның 34-і аталған құқық бұзушылыққа қайта жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Соңғы факті Текелі қаласында тіркелді, онда патрульдік полиция қызметкері ВАЗ-21053 көлікті тоқтатып мас күйінде басқарған 35 жастағы қала маңындағы ауыл тұрғынын ұстады. Ұсталған адамның көлігі арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші қамауға алынды.
Деректер базасын тексеру кезінде ер адам 2021 жылдың сәуір айында мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 346-бабына сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қазір ұсталған адамға ірі айыппұл, қоғамдық жұмыстар, 5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.