Атырау облысының тұрғыны 12 млн теңгенің малын тауып берген тергеушіге алғысын айтты
Атырау облысының тұрғыны 12 млн теңгенің малын тауып берген тергеушіге алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылқоға аудандық полиция бөліміне ірі мөлшерде асыл тұқымды 307 бас қаракөл қойы ұрланды деп қой зауытынан арыз түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, күдікті ұсталған. Тергеу амалдары нәтижесінде аталған мекемеге 12 млн 280 мың теңге материалдық шығын келіп, өндіріліп алынды.
– Тамыз айында асыл тұқымды 307 бас қаракөл қойлары ұрланған болатын. Аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Бауыржан Жауқаш қылмысты ашу үшін жедел-тергеу амалдарын жүргізіп, сот-тауарлық, экономикалық сараптамаларды тағайындап, жоғары деңгейде кәсіби білімділігін көрсетті. Қылмыстық жолмен келтірілген 12 млн 280 мың теңге материалдық залалды өндіруге септігін тигізді. Осыған орай, Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Бауыржан Жәнібекұлы Жауқаштың қылмыстық істі тексеру барысында өз қызметіне жауапкершілікпен қарағаны үшін өз ризашылығымды білдіремін, – деді қой зауытының директоры.
Бүгінде полиция саласында білікті сала мамандарының біліктілігі арқасында көп тұрғын күрмеулі мәселесін оңай шешуде. Кез-келген қылмыстың жолын кесу тәртіп сақшыларының табандылығы мен кәсібилігінің жемісі.