Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері көпбалалы ананы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері көпбалалы ананы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында Жамбылда өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері көпбалалы ананы мерекемен құттықтады.
– Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлық аз емес. Мереке қарсаңында отбасыңызға амандық тілеймін. Ұл-қызыңыз Отанына адал қызмет ететін азамат болсын, – деген мекеме бастығы Бағдат Байтуреев балақайларға тәттілер үлестірді.
Айта кетейік, тараздық көпбалалы ананың үлкен қызы 13 жаста болса, ең кішкентай ұлы 2 жасқа енді толады.