Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер құны 18 млн теңге болатын малды қолды қылғандарды ұстады

Қостанай облысында полицейлер құны 18 млн теңге болатын малды қолды қылғандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазір полицияда екі адам қамауда отырса, тағы екеуіне тұрғылықты елді-мекеннен кетпеу туралы міндеттеме жүктелді. Олар Меңдіқара ауданында 51 бас ірі қара ұрлады деп күдіктеліп отыр. Мал иесі келтірілген залал көлемін 18 млн теңгеге бағалады.

Ірі қараның жоғалғандығы туралы хабар полицияда 23 желтоқсанда тіркелді. Сиырлардың қожайыны Молодежный ауылының маңында еркін жайылымнан кеткендерін хабарлады.

Ұрланған малды күдіктілер өз үйінде ұстаған. 4 сиырды олар союға жіберіп, етін сатқан. Олар 11 басты өздеріне қалдырып, ал қалғандарын орман арасына жіберген. Тергеу барысында күдіктілердің бірінен 11 бас ІҚМ, тіркелмеген мылтық, 8 патрон, газ тапаншасы, 11 пышақ, 80 келі ет тәркіленді, – деді полиция ПД КПБ бөлімінің бастығы Ерлан Шәріпов.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-1-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына (Аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру