Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде «Автотұрақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Семейде «Автотұрақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгіннен бастап патрульдік полиция экипаждары әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың орталық көшелерінде және басқа да орындарда көлік құралдарының өтуіне кедергі келтіретін көліктерге және сол арқылы жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көлік құралдарын тоқтату және көлікті қою ережелерінің бұзылуының жолын кесу мақсатында «Автотұрақ» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Бұл шараның мақсаты – жол жағдайын тұрақтандыру, қаладағы жол-көлік оқиғаларын азайту, көлік жүргізушілері арасында тәртіпті арттыру. Қаланың барлық көшелерінде «Аялдауға тыйым салынады» және «Тұруға тыйым салынады» белгілерінің астында белгіленбеген орындарға көлік қоятын жүргізушілерді анықтау мақсатында арнайы рейдтер жүргізіледі.

ӘҚБтК-нің 597-бабында көлік құралдарының аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзуға жол берген жағдайда 18 460 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оның тоқтап тұруы – 36 920 теңге, басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу – 36 920 теңге. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу үшін айыппұл 36 920 теңгені құрайды. Егер тұрақ ережелерін бұзу фактісі анықталса және көлік иелері болмаса, көліктер эвакуаторлар арқылы арнайы айыппұл тұрағына жеткізіледі.

Патрульдік аумақта рейдтің алғашқы жарты сағатында қаланың орталық бөлігіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы қоқыс жәшіктеріне өтетін жолды жауып, рұқсат етілмеген жерге қойған бір автокөлік эвакуацияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру