Павлодарда тыныштық бұзған тұрғындар анықталды
Павлодарда тыныштық бұзған тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қаңтар сағат 04.21-де Естай көшесі, 142 үйінің тұрғындары полицияға хабарласып, көршілерінің жаңа жылдық шулы отырыстың жалғасып жатқанын айтты. Сол күні күйеуіне шағымданған әйелден қоңырау түсті. Ол күйеуінің мас екенін, қол көтеріп, жанжалдасқанын айтты.
Түнде Қайырбаев көшесі, 82 мекенжайындағы үйдің көршілерінен қоңырау келіп түсті, онда кәмелетке толмаған балалар шу шығарды. Бектұров көшесі, 111-үйде, жаңажылдық кеш қызу жүріп жатты. Ал Бектұров көшесі, 29 мекенжайындағы пәтерлердің бірінің тұрғындары жаңа жылдан кейін өз пәтерлерін тәулік бойы жөндеумен айналысуға шешім қабылдады. Шулы көршілерге алаңдаған барлық тұрғындарға полиция тарапынан ден қою қажет болды.
Тәжірибе көрсеткендей, шулы көңіл көтеруді бәрі бірдей ұната бермейді, көршінің қабырғасының арғы жағында кішкентай балалар, жағдайы нашар қарттар немесе жұмысқа ерте баратын адамдар бар деп ойламайды. Дабыл бойынша келген полицейлер түнгі тыныштықты бұзушылармен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы әңгімелесті, – деп атап өтті ведомствода.
Айта кету керек, кезекші тәулікте 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін «102» пультіне 1247 қоңырау түсті.