Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Парламент Мәжілісінің депутаты ұландықтармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Салахатдинұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған іссапары барысында әскерилердің қызыметімен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына ат басын тіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөліміне сапары барысында әскери бөлімінің қызметтік жауынгерлік қызметімен, әскери техника түрлерімен, атыс қаруы және жеке құрамның түрлі жауынгерлік қызметтерді атқаруға арналған жабдықтарымен танысты.

Кездесу аясында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Бекайдар Қазкеев халық қалаулысын өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы орындайтын міндеттермен, оқу-материалдық базамен және әскери бөлімдердің тұрмыстық жағдайларымен таныстырды. Сонымен қатар өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердегі көпті толғандырған көкейтесті мәселелерге тоқталды. Парламент Мәжілісінің депутаты туындаған мәселелерді шешу бойынша бар күш-жігерін салатынын айтты.

Іссапар барысында әскери бөлімнің мұражайына көз жүгіртіп, тарихтан сыр шертті. Кездесу аясында халық қалаулысы әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету саласы аясында ұсыныстарын тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап берді.

– Әскери бөлімде болып көптеген мәліметтер алдым, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздігін, тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген әскери тұлғаларға үлкен құрметпен қарайтын азаматтардың бірімін, – деп Бақтықожа Салахатдинұлы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Құрметті қонақтарына арналған» кітабына жазба қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру