Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ПД көші-қон қызметі 225 мың мемлекеттік қызмет көрсетті

Өткен жылы Қостанай облыстық ПД көші-қон қызметі 225 мың мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтердің барлық санының 98%-ы электрондық нысанда ұсынылған. Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Кайрат Дутпаевтың сөзінше, өткен жылы ҚР азаматтығына 660-тан астам шетелдік азамат, оның ішінде 412 қандас қабылданған. 12900-ге жуық шетелдік азаматқа уақытша тұруға рұқсат берілді. Көші-қон процестерін реттеу мәселелері үнемі жандандырылуда.

Мәселен, 2024 жылғы 4 қаңтарда Қостанай облысы ПД көші-қон қызметіне ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, “Қазақстан Халық партиясы” төрағасының орынбасары Магеррам Магеррамов жұмыс сапарымен барды. Сол жерде ол көші-қон қызметінің жұмыс процестерімен танысып, халыққа қызмет көрсету сапасын бағалады.

– Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісі азаматтықты қабылдау мерзімін қысқартуды ұсынған заң жобасын қарауда, – деді Магеррам Магеррамов.

Айта кету керек, қазір өңірде 10,5 мың шетелдік азамат тұрғылықты жері бойынша тұрып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру