Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері терроризмге қарсы қорғаныс бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізді

СҚО полицейлері терроризмге қарсы қорғаныс бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының көмегімен тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге, оның ішінде терроризмге қарсы қорғалу жағдайына мораторий мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпкерлік субъектілерімен осал объектілер санатына жатқызылған лаңкестікке қатысты түсіндірме-профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесуге мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың, жеке меншік мектептер мен колледждердің, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, сауда объектілерінің, қонақ үйлер мен демалыс базаларының, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің басшылары қатысты.

Тәртіп сақшылары терроризмге қарсы қорғалуды регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі соңғы өзгерістер мен толықтырулар, тексерулер жүргізудің негіздері, түрлері мен тәртібі, субъектілердің құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді.

СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев атап өткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерді заманауи инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыру және объектілердің басшылығы мен персоналының іс-қимыл алгоритмдерін білуі терроризм көріністеріне қарсы күресте аса маңызды факторлар болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру