СҚО-да полиция қызметкерлерінің мобильді тобы 4 айда балалары бар 1117 отбасын тексерді
СҚО-да полиция қызметкерлерінің мобильді тобы 4 айда балалары бар 1117 отбасын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу, тұрмысы қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау, уақытылы шаралар қабылдау – бұл ведомствоаралық мобильді топтардың алдында тұрған негізгі мақсаттар. Олар өткен жылдың күзінде құрылған. Оларға жергілікті полиция қызметінің әр түрлі бөлімшелерінің қызметкерлері, білім беру, қамқоршылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау қызметкерлері және пештің жылыту қауіпсіздігін тексеретін құтқарушылар кіреді. Жедел ақпарат алмасу және бірлесіп жұмыс істеу проблемаларды шешуді едәуір жеделдетеді.
Петропавлдағы жеке үйлердің біріне мобильді топ дәрігерлердің ақпараты бойынша келді. Мұнда кішкентай бала тұрады, ол дәрігердің бақылауына мұқтаж. Бірнеше рет дәрігердің қабылдауына келмеген. Мұның себебі есірткі дәрігерінің есебінде тұрған 24 жастағы баланың анасының алкогольді шектен тыс асыра пайдалануына байланысты болуы мүмкін. Мобильді топ мүшелері тұрғын үй жағдайларын тексерді. Оларды қанағаттанарлық деп айту қиын. Отбасы бақылауға алынды, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда істі қарау туралы мәселе шешілуде.
Бұл күндері мобильдік топтар 15 қаңтардан бастап өткізіліп жатқан «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы аясында белсенді жұмыс істеп жатыр.
– Учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп тәуекел тобына кіретін отбасыларды тексереді. Денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлерінің ақпараты мұқият тексеріледі. Анықталған отбасылар бақылауға алынады, егер олар аз қамтылған деп танылса, тиісті органдар оларға қолдау көрсетеді, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Жақында Қызылжар ауданында ауыр шығынға ұшыраған көпбалалы отбасына полиция мен ауылдық округ әкімдігі жедел материалдық қолдау көрсетіп, жұмысқа орналасуға көмектесті. Бұл мемлекеттік органдардың адамдардың әл-ауқаты үшін өзара іс-қимылының тағы бір мысалы.
Небәрі 4 айдың ішінде ведомствоаралық мобильді топтар кәмелетке толмаған балалары бар 1117 отбасын тексеріп, өмірлік қиын жағдайға тап болған және қолдауды қажет ететін 104 отбасын анықтады.