Түркістан әуежайында жолаушылардан діни мазмұндағы 53 кітап тәркіленді
Көлік полицейлері халықаралық рейстің екі жолаушысынан діни мазмұндағы 50-ден астам кітап тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кувейт – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Түркістан облысының 34 және 66 жастағы тұрғындарын анықтады.
Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардан діни мазмұндағы 53 кітап табылып, тәркіленді.
Ер адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.