Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда ер адам мешіт ауласында ілулі тұрған күртешені ұрлап кеткен

Түркістанда ер адам мешіт ауласында ілулі тұрған күртешені ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның ілулі тұрған күртешесін, телефоны мен төлқұжаттарын қолды еткенін жазып көрсеткен.

Ақпарат келіп түскен бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті камера арқылы анықталды. Ол 19 жастағы жұмыссыз жүрген жас жігіт болып шықты. Белгілі болғандай, мешітке келген жігіттің кенеттен ойы өзгерген. Яғни мешіттің кіре берісінде ілулі тұрған күртешені көріп, ешкім қарап тұрмағанына көз жеткізген соң, жымқырып кеткен.

Тәртіп сақшылары қолды болған затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру