Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жас қызметкерлердің ата-аналарымен кездесу өтті

Абай облысында жас қызметкерлердің ата-аналарымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің қызметі оңай емес екенін бәрі біледі, күннің уақыты мен ауа-райына қарамастан, олар азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайды.

Алғашқы күндерден бастап жеке басына және кәсіби мінез-құлқына жоғары талаптар қойылған полицейлер қызметінің күрделілігін түсіне отырып, Әуезов полиция бөлімінің бастығы жақында қызметке келген жас қызметкерлердің ата-аналарын шақырды.

Іс-шараның мақсаты – ең алдымен, жас қызметкерлердің бейімделу кезеңіне көмектесу, сондай-ақ кәсіби қалыптасудың алғашқы кезеңінде қызметкердің жеке басының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру болды.

Іс-шара аясында Әсет Асқаров қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекшеленіп үлгерген жас полицейлердің ата-аналарына алғыс хаттармен марапаттау рәсімін өткізді, әрбір ата-анаға нағыз патриоттарды тәрбиелегені үшін жеке алғысын білдіріп, олардың ұлдары мен қыздары Отанға қызмет етудің лайықты жолын таңдағанын атап өтті.

Қатысушыларға арнаған сөзінде Әсет Асқаров болашақта жас қызметкерлер қазақстандық құқық қорғау жүйесін дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді. Ол өзінің қоштасу сөзінде жас әріптестеріне лайықты қызмет етуді және қызметтік борышын орындаудың үлгісі болуды тіледі.

– Біздің қатарымыз осындай атқарушы, адал балалармен толықтырылатынын біле отырып, біз өз азаматтарымыздың қауіпсіздігіне сенімді бола аламыз, – деп атап өтті Әсет Асқаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру