Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған ЖҚЕ бұзудың бір күнде мыңнан астам дерегі тіркелді

ІІМ “Автобус” республикалық операциясын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – жолаушылар мен багажды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің көліктік тәртібін арттыру, заңсыз жұмыс істейтін адамдарға қатысты бақылауды күшейту.

Мәселен, бір күнде полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1 150 жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде алкогольдік масаң күйде көлікті басқарудың 5 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 4 дерегі, еңбек және демалыс режимін бұзуға қатысты – 4, міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың – 89, рейс алдындағы тексеруден өтпеудің – 26, техникалық байқаудан өтпеудің – 159, жылдамдықты арттырудың – 21, телефонды пайдаланудың – 309, 311 – маневр жасау ережелерін бұзу, 37 – ластаушы заттар шығарындыларының нормаларынан асып кету, 94 – жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 27 фактісі тіркелді, оның ішінде 23-і такси жүргізушілері болған.

Сондай-ақ операция кезінде тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін 4 рұқсат етілмеген автотұрақты жауып, 800-ге жуық қоғамдық көлікті тексеріп, 61 заңсыз түрлендірілген автобусты анықтады. Автобус парктерінің 22 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, “Автобус” профилактикалық іс-шарасын өткізуге 8,3 мыңнан астам полиция қызметкері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен жұртшылық жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру