Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жолаушыдан марихуана тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері жолаушыдан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері  аудан орталығы көшелерінің бірінен күмән тудырған Nexia автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары тексеру кезінде көліктегі жолаушының қалтасынан пакетке оралған ерекше иісі бар есірткіге ұқсас зат тауып, тәркіледі.

47 жастағы тұрғыннан алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысына сәйкес алынған зат 20 грамнан астам марихуана екені расталды.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты есірткіні сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру