Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жалға алған ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген азамат анықталды

Шымкентте жалға алған ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші АПБ-ға Түркістан облысының тұрғыны алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленуші өзіне тиесілі ойын приставкасын бейтаныс жігітке жалға бергенін, алайда ол уәде етілген уақытта техниканы қайтармай, «ізін суытқанын» жеткізді.

Приставка иесіне 400 мың теңге материалдық шығын келген.

Полицейлер арызды тіркеп, күдіктінің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде ер адам қала аумағында ұсталды.

Ол ойын құралын ломбардқа өткізіп, ақшаны жеке қажетіне жұмсағаны белгілі болды. Сондай-ақ бұған дейін көлік ұрлағаны үшін сотты болғаны анықталды.

Қазіргі таңда жәбірленушіге келтірілген шығын толығымен өтелді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру