Алматыда колледж студенттеріне құқықтық білім беру ұйымдастырылды
Алматыда колледж студенттеріне құқықтық білім беру ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқықтық білім берудің негізгі бағыты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
– Жастардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту шарттары туралы және есірткінің ғасыр дерті екенін білгені өте маңызды. Ювеналды полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында ұйымдастыратын дәрістер топтамасы есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері мен нарколог-дәрігерлердің белсенді қатысуымен өткізіледі, олар жасөспірімдерге есірткі қолданудың салдарын түсіндіреді. Бұл жолы инновациялық-техникалық колледж студенттерімен сындарлы кездесу өтті, – дейді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.