Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дағдарыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 600 адамға көмек көрсетілді

Дағдарыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 600 адамға көмек көрсетілді, 362 кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, Жамбыл облысында мас күйеуі жанжал шығарып, әйелін төрт жас баласымен үйден қуып жіберген. Балалары бар әйел дағдарыс орталығына орналастырылды, ал «агрессор» 15 тәулікке қамауға алынды.

Жалпы, «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша тұрмыстық жанжалдарды тіркеу 11%-ға, оның ішінде қылмыстар 55%-ға төмендеу үрдісі байқалды.

Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде кісі өлтіру және жыныстық сипаттағы қылмыстар азайды.

 – Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударады. Полиция жұмысының сервистік моделі шеңберінде зорлық-зомбылық туралы әрбір өтініш пен хабарлама бойынша құқықтық шаралар қабылданады. Әрбір «заңға бағынатын» азамат полиция оны қорғайтынын сезінуі керек. Сонымен қатар мұндай фактілерге немқұрайлы қарау арқылы сіз мүмкін болатын нәрсеге және сізге қатысты зорлық-зомбылыққа ықпал етесіз. Ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытып, полицияға хабарлаңыз. Тек ортақ күш-салумен ғана біз қауіпсіз мемлекет құра аламыз, – деп атап өтті полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру