Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық сақшылар автокөлік аккумуляторларын ұрлау фактілерін ашты

Астаналық сақшылар автокөлік аккумуляторларын ұрлау фактілерін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шаралары барысында жүк көліктерінің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан Түркістан облысының 23 жастағы үш тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жігіттердің аккумулятор ұрлығының алты эпизодына қатысы бар екені анықталды. Ұрлық түнгі уақытта аккумулятор қоймасын бұзу арқылы жасалған. Түнде олар жолаушылар көлігімен үйлердің ауласын аралап өтіп, тоқтап тұрған жүк көліктерін іздеген.

Ұрланған аккумуляторларды көліктің жүк салғышына тиеп алып, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Осылайша олар бір түннің ішінде Нәжімеденова көшесінде КамАЗ екі ауыр жүк көлігін тонап, Барс маркалы 4 аккумуляторды ұрлап, 500 мың теңгеден астам шығын келтірген. Дәл осындай жолмен күдіктілер Бауыржан Момышұлы көшесінде КамАЗ көлігінің 8 аккумуляторын ұрлап кеткені де белгілі болған.

Полицейлер бейнекамералар арқылы ұрылардың ізіне түсіп, жүру бағытын анықтап, оларды ұстау шарасын қабылдаған. Ұсталған күдікті ұрлық жасағанын мойындаған күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай ақ олардың Елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру