Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі саудалаған азамат 10 жылға сотталды

Атырауда есірткі саудалаған азамат 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері өткен жылдың маусым айында Атырау қаласы аумағында интернет желісі және жасырын тығу әдісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатумен айналысып жүрген 43 жастағы облыс тұрғынын анықтаған болатын. Тексеру жұмыстары кезде күдіктіден құны 3,5 млн теңгеге жуық болатын 200 доза Альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 43 жастағы күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі толық дәлелденді. Тергеу кезінде күдіктінің Telegram әлеуметтік желісі арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, сатып алу және сақтаумен айналысатын жұмыс іздеп тапқаны анықталды. Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің синтетикалық есірткіні пайдаланғаны толық дәлелденді.

Қазіргі таңда 43 жастағы азаматқа қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру