Теміртауда есірткі таратумен айналысқан тұрғын ұсталды
Теміртаулық полицейлер синтетикалық есірткі таратумен айналысқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасы, есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында есірткі сатумен айналысып жүрген 40 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат өзіне тиесілі автокөлікпен қала ішінде жүріп синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан. Полиция қызметкерлерін көрген бетте күдікті қаша алмасын біліп, қолындағы бар есірткіден құтылмақшы болды.
Тәртіп сақшылары оның көлігінің жанынан 5 орам, ал көліктің ішінен 10 орам ұнтақ тәрізді затты тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің үйіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен марихуанаға ұқсас 100 грамм ерігіш зат тәркіленді.
Тәркіленген заттарға тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес күдіктіден алынған заттың жалпы салмағы 16 грамм мефедрон есірткісі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, терегу әрекеттері жүргізіліп жатыр.