Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде өз таныстарын 1 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ қолға түсті

Шахтинскіде өз таныстарын 1 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шахтинск қалалық полиция бөлімі жедел-тергеу қызметкерлерінің қажырлы жұмыстарының арқасында бірнеше алаяқтық жасаған азамат анықталып, оның кінәлі екенін дәлелдейтін құжаттар жинақталды.

Мәселен, қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінің 20 жастағы студенті ақпараттық жүйе арқылы алаяқтық қылмысын жасауды ойластырған. Ол өзінің танысын кезіктіріп, банктердің бірі клиент жинақтау мақсатында телефондарына банк қосымшасын жүктесе, банк оларға сыйақы береді деген. Сөйтіп, танысы күдіктіге өзінің жеке құжаттарын беріп, онымен қоймай суретке түсуге келісім берген. Ал алаяқ болса танысының жеке бас мәліметтерін және сурет салу арқылы бірнеше шағын несие беру ұйымдарынан жалпы құны 124 мың теңге несие рәсімдеген. Кейін танысы күдіктеніп қалмау үшін банктің сыйақысы деп 2 мың теңге ақша аударған.

Дәл осындай әрекетпен 20 жастағы күдікті тағы да бес танысын алдаған. Күдіктінің таныстарына келтірген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгені құраған. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру