Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция астаналық бойжеткенді құтқарып қалған азаматты марапаттады

Полиция астаналық бойжеткенді құтқарып қалған азаматты марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға кешкі уақытта Қошқарбаев көшесі мен Абылайхан даңғылының бойындағы көпірде болған.
Көпір бойымен келе жатқан Hyunda көлігінің жүргізушісі Аралбай Оразбаев жас қыздың көпірден секірмекші болғанын байқап қалған. Ер адам дереу көлігін тоқтатып, оған жүгіріп барып, секіруіне жол бермей, оны ұстап үлгерген. Осы кезде оқиғаның куәгерлері «102» арнасына телефон соғып, болған жайды жедел хабарлап үлгерген.

Оқиға орнына жедел жөнелтілген патрульдік полиция қызметкерлері дереу жетіп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірлесе отырып секіруге бел буған қызды әңгімеге айналдырып тыныштандырған. Оған психологиялық көмек көрсетіліп, 20 жастағы бойжеткеннің мұндай келеңсіз әрекетке баруына не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр.

Ең бірінші қызды көріп бірден құтқаруға ұмтылған Аралбай Оразбаевтың батыл әрекеті елеусіз қалмады. Ол марапатты алу үшін, Астана қаласы полиция департаментіне шақырылып, елордалық полиция департаменті бастығының орынбасары Госман Жакин қаланың қамқор тұрғынына белсенді азаматтық ұстанымы үшін бағалы сыйлық – қол сағатын табыстап, шексіз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру