Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 400-ге жуық хабарлама түскен

Атырауда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 400-ге жуық хабарлама түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде еліміз үшін қоғамда белең алған тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өзекті мәселелердің бірі. Аталған құқық бұзушылықтың кең етек жайып, таралуына маскүнемдік пен қызғаншақтық, жұмыссыздықтың салдарынан туындаған тұрмыс жағдайының ауырлығы себеп болып отыр.

Мәселен, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 399 хабарлама келіп түскен. 2024 жылдың басынан 20 адамға арналған Дағдарыс орталығына 15 тұлға қабылданған. Оның ішінде 4-әйел болса, 11 бала.

Ал ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» сәйкес, 272 тұлға жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек 1 ай мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалар саны – 290 құраса, соның ішінде қорғау нұсқамасын бұзу дерегі бойынша 1 ай ішінде өзінің агрессиялық мінез-құлқын көрсеткен 19 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес, жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 2-тармағы «Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу» бойынша 36 әкімшілік хаттама жасақталды. Одан бөлек, сотпен ерекше талаптар қойылған тұлғалар 78 санын құраса, мәжбүрлеп емдеу мекемесіне 3 тұлға жолданды.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтарды алдын-алуда құқық қорғау саласының қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, акция, профилактикалық іс-шаралар аясында білім беру ұйымдарында, мекемелерде ақпараттық жиындар өткізіп жатыр. Мәселен, Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Раиса Айтжанова Дағдарыс орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген әйелдерді ақпараттандыру, қажетті кеңес беру мақсатында ашық есік күнін өткізді. Одан бөлек, атыраулық полицейлер тұрмыстық қарым-қатынас саласында жәбір көрген әйел адамдарға құқықтық, психологиялық көмек, кеңес беру мақсатында азаматтарға қабылдау өткізетінін атап өткен жөн.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар.

Мамандандырылған дағдарыс орталығында орналасу үшін 8(7122) 46 60 60 телефондары арқылы, ішкі істер органдарына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен полицияның учаскелік инспекторына, 98-35-33; 98-22-30 немесе 8(702) 235 1998; 8(702) 846 3777 (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін) хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру