БҚО-да пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарды тексерді
Теректі аудандық прокуратурасының нұсқауын орындау мақсатында пробация қызметінде есепте тұрғандар арасында қайта қылмыс жасаудың алдын алу профилактикасы аясында БҚО Теректі ауданы аумағында №1 Теректі аудандық пробация қызметі, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметімен және Теректі аудандық қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі өкілдері қатарынан құрылған мобильді топ жұмыс жүргізіп жатыр.
25 қаңтар мен 5 ақпан аралығында БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №1 Теректі аудандық пробация қызметі мобильдік топ қатысушыларымен бірлескен түрде пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар тексерілді. Тексеру барысында есепте тұрған тұлғаларға өздері қолдана алатын әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері түсіндіріліп, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасамауы туралы сұхбат жүргізіп, тұрмыстық үй жағдайларын тексеру актісі толтырылып, есепте тұрған тұлғаның шешуді қажет ететін проблемалық сұрақтары анықталды.