Алматы полициясы 600 есірткі ресурсын бұғаттады
Алматы полициясы 600 есірткі ресурсын бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлықтың алдын алу – Алматы полициясы қызметінің өзекті бағыты. Есірткі қылмысымен күресушілер өткен жылы 420 профилактикалық іс-шара өткізген.
– Азаматтар мен еріктілердің белсенділігінің арқасында бетбелгі қоюшыларды әшкерелеу, есірткінің таралуы туралы ақпарат бар граффити жазбаларды анықтау және бояу бойынша бірлескен жұмыс жақсарғанын атап өткім келеді. Өткен жылы барлығы 8 мың 540 граффити-сурет анықталды және боялды. Осы суреттерді салғаны үшін 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар біздің бөлімшенің қызметкерлері тыйым салынған контенті бар 597 сайтты бұғаттау үшін ақпарат жіберді. Бұл ресурстардың жастар арасында танымал болуы алаңдатады. Сондай-ақ қызметі қылмыстық сипатта болуы мүмкін 5 интернет-есірткі дүкенін назарға алдық, – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Сондай-ақ спикер, бүгінде нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуда көрнекі платформалар белсенді түрде қолданылып жатқанын айтты: 8 метро станциясының 42 мониторында және қоғамдық орындарда орналасқан 72 LED-экранда анонимді сенім телефоны (WhatsApp 8-705-549-70-25) бар әлеуметтік роликтер көрсетіледі.