Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есептегі екі сотталған бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұнайлы аудандық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған екі азамат түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұнайлы аудандық сотында аудандық пробация есебінде тұрған сотталғандардың істері қаралды. Екі азамат есепте тұрған кезде бірнеше рет ескерту алып, тәртіп бұзған. 

Б. есімді тұлға 2022 жылы Мұнайлы аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталған. Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен өтелмеген 11 айы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

С. есімді тұлғаға 2022 жылы Мұнайлы аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Өтелмеген 3 ай 23 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сотталғандар жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру