Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара полицейлері тұрғынның ұрланған малын дер кезінде тауып берді

Шардара полицейлері тұрғынның ұрланған малын дер кезінде тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде мал ұрлығына қатысы бар бұрын сотты болған 41 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті ер адам көрші ауылдас тұрғын болып шықты. Яғни, ол тоғайлы алқапта жайылып жүрген құны 300 мың теңге тұратын өгізді ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Тәртіп сақшылары ұрланған малды дер кезінде күдіктінің қорасынан тәркілеп алды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру