Семейде ер адам жылыжайда қарасора өсірген
Семейде ер адам арнайы жабдықталған жылыжайда қарасора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
32 жастағы Семей қаласының тұрғыны арнайы жабдықталған жылыжайға қарасора өсімдігінің тұқымын егіп, кейін тұқымын ылғалдандырып, төбешіктеп, топырақты тыңайту арқылы өсіре бастаған. Содан кейін ол қарасора өсімдігінің бір бөлігін алып, гараж бойымен созылған арқанға іліп, кептірген.
Саяжайды тінту барысында кептірілген қарасора жапырақтары, жалпы салмағы 10 400 грамм 16 түп қарасора, салмағы 980 грамм марихуана, желдеткіш, тыңайтқыштар мен қолғаптар табылып, тәркіленді.
Сот бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300 және 296-баптары бойынша үкім шығарып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
– Сотталушы Семей қаласының пробация қызметінің есебіне алынып, жеке ұйымға жүргізуші болып жұмысқа орналасқан. Ол отбасымен және кәмелетке толмаған үш баласымен тұрады, – дейді Семей қаласы бойынша пробация қызметінің басшысы Ерик Усербаев.