Ақтөбеде сатушы әйел жұмыс орнынан 13 млн теңгенің телефондарын қолды қылған
Ақтөбеде сатушы әйел жұмыс орнынан 13 млн теңгенің телефондарын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға ұялы байланыс салонының иесі дүкеннен телефондар ұрланғаны туралы арызданды. Кәсіпкер телефондардың жоғалғанын ревизия кезінде анықтаған. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асқан. Полиция тергеп-тексеру барысында жәбірленушінің дүкенінде бұрын сатушы-кеңесші болып жұмыс жасаған әйелді анықтады. Күдікті өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, телефондарды ұрлағанын мойындады.
Ұрлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық заңнамада сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі санкция көзделген.