Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр

Алматыда ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен бірлесіп, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Академия курсанттары Темірлан Әліпбаев пен Елдар Рахышбай ҚАЖД қызметкерлерімен бірге Алматы қаласының №142 және №198 мектептерінің оқушыларына Қостанай академиясына түсу шарттарын түсіндіріп, оқу үдерісімен бөлісті. Сонымен қатар Қостанай академиясы туралы бейнеролик көрсетіліп, қызығушылық танытқан оқушыларға арнайы брошюралар табысталды.

– Мұндай іс-шараларды кадр қызметі тұрақты негізде өткізеді. Сондай-ақ оқушыларға ел намысын және ұлт мәртебесін көтеретін мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Габибов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру