Қостанайда екі жасөспірім адамдарды тонаумен айналысқан
Қостанайда екі жасөспірім адамдарды тонаумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласының екі 16 жастағы тұрғыны кешкі уақытта адамдарды тонап, дене жарақатын салған. Осындай жағдай былтырғы жылы жаз уақытында болған. Дос балалар Қостанай қаласының 4 тұрғынына дене жарақаттарын салып, 160 мың теңге материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар екі жасөспірімнің бірі өзгенің көлігін заңсыз иемденген.
Сот шешімі бойынша дос баларды кінәлі деп ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) және 200-бабы бойынша тағайындалды. Кәмелетке толмағандарын ескере отырып шартты және шектеу жазасы тағайындалып, 1 жыл пробациялық бақылау белгіленген.
Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру шектеу жазасы тағайындалып ерекше режимде ұстайтын мектеп интернатқа жіберілді. Ауыр мінезді балалар тұрады. Интернат күн тәртібі басқада мектептермен ұқсас.
Интернатта 11 мен 17 жасқа дейінгі балалар тұрады. Оларды интернат жұмысшылары әрқашан бақылауда ұстап отырады. Жаза өтеу мерзімі 6 айдан 2 жылға дейін. Көбінесе бұл интернатқа ұрлық және тонау жасағандар келеді, – дейді Көкпекті пробация қызыметінін бастығы Дамир Айдаров.