Павлодарда сот шешімін орындамаған шетелдік азамат елден шығарылды
Павлодарда сот шешімін орындамаған шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңнамаға сәйкес, сот актісін орындамау әртүрлі салдарға әкелуі мүмкін: айыппұлдар, мүлікке тыйым салу немесе тіпті қылмыстық жауапкершілік.
– Осылайша, 35 жастағы шетел азаматы Шарбақты аудандық сотының үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, шартты түрде 6 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда Ресей Федерациясының азаматы осы уақытқа дейін Павлодар қаласында тұрып, ел аумағынан кеткісі келмей, төлқұжатынан айырылып қалуға түрткі болды. Көші-қон полициясының қызметкерлері ер адамға көрші мемлекеттің консулдығына жол жүру, отанына оралу туралы куәлік алу үшін анықтама берді. Бірақ, осыған қарамастан, ер адам осы уақытқа дейін куәлік алмаған және Қазақстан аумағынан кетпеген, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Жасұлан Ысқақов.
Заңды күшіне енген сот шешімін алты айдан астам уақыт бойы орындамау фактісі бойынша қазіргі уақытта тергеу басталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес “адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі”.