Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері есірткі сақтаған тұрғынды анықтады

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған 32 жастағы ШҚО тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сараптама қорытындысына сәйкес күдіктіден 36 грамнан астам тыйым салынған заттар: оның ішінде a-PVP шамамен 23 грамм және салмағы 13 грамм болатын осыған ұқсас заттар тәркіленді.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту не өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру