Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда зират қоршауларын қолды қылған күдікті қолға түсті

Павлодарда зират қоршауларын қолды қылған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, Суворов зиратының аумағында металл қоршаулардың ұрланғаны туралы хабарлады. Шығын 400 мың теңгені құрады. Факті тіркелді, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған павлодарлық анықталды, ол осы қоршауларды Chevrolet Nexia автокөлігімен алып кеткен, –  дейді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері.

Күдіктіге қатысты “кетпеу туралы жазылу” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, заттай дәлелдемелер алынды. Полиция ер адамның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру