Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полиция қызметкерлері арасында садақ атудан чемпионат өтті

Семейде полиция қызметкерлері арасында садақ атудан чемпионат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция басқармасымен ұйымдастырылған чемпионат Семей қаласының “Алаш мергендері” дәстүрлі садақ ату клубына  білікті мамандар жетекшілік жасады. Садақшылар сайысына қалалық полиция аппараты және аумақтық полиция бөлімдерінен 15 мерген қатысты.

Жарыстың басты мақсаты – қызметкерлерді және тұрғындарды спортқа және ұлттық құндылыққа деген қызығушылығын арттыру, қазақылықты жаңғырту. Сайысқа Семей қаласының “Алаш мергендері” дәстүрлі садақ ату клубының директоры Б.Аманжолов төрелік жасады.

– Денсаулық тұрғысынан садақ ату арқаны тік ұстауға, көру қабілетінің жақсаруына көп көмектеседі, осындай чемпионат тек полиция қызметкерлері арасында ғана емес, басқа да мемлекеттік органдар арасында өткізілуі тиіс, – деді қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев.

Сөз алған қалалық полиция бастығы Қайрат Әбдіғалиев бұрын сонды Семей қаласының полиция қызметкерлері арасында өткізілмеген жарысқа қызығушылар саны өте көп.

Чемпионатты өткізудің мақсаты бір-садақ ату дәстүрін дамыту, оны бұқаралық спорт түріне айналдыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру