Жетісу облысында полицейлер оқушыларға жолдағы қауіпсіздік туралы сабақ өткізді
Жетісу облысында полицейлер оқушыларға жолдағы қауіпсіздік туралы сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Осыған байланысты, облыс орталығының патрульдік полицейлері қала оқушыларымен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру сабақтарын өткізіп жатыр.
– Жолдардағы балалардың жарақаттануы мен оның алдын алу – аса маңызды және күрделі мәселе болып табылады. Осыған орай, біз жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларымен ұдайы негізде түсіндірме сабақтарын өткіземіз. Бұл сабақтарда жол қозғалысының негізгі ережелеріне, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ жолды реттейтін инспектордың қимылдары да түсіндіріледі, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ ППР командирінің орынбасары Эльдос Таурбеков.
2024 жылдың басынан бері облыс орталығында 18 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 35 адам, оның ішінде 14 бала түрлі дене жарақаттарын алды.