Шымкентте полицейлер бұрын сотталғандарға қалыпты өмірге оралуға көмектесті
Шымкентте полицейлер бұрын сотталғандарға қалыпты өмірге оралуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мегаполистің Абай ауданының учаскелік инспекторлары ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды.
– Бас бостандығынан айыру орындарынан босағандардың көпшілігі жұмысқа орналасуды қажет етеді. Оларға көмектесу мақсатында біз жұмыспен қамту мамандарын шақырдық. Кездесу бос орындар жәрмеңкесі форматында өтті. Пробациялық бақылаудағы тұрғындарға бар бос жұмыс орындарын қарастыру ұсынылды. Нәтижесінде 5 есептегі тұлға енді абаттандыру және техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын болады, – деді Абай аудандық ПБ ЖПҚБ-ның бастығы Ержан Сапарбаев.
Ауданның бас учаскелік инспекторының айтуынша, бұл шаралар, ең алдымен, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, бұрын сотты болғандардың қылмысқа қайта баруының алдын алуға және болдырмауға бағытталған.
Аталған жұмыстар «Есептегі тұлға» ЖПІШ шеңберінде жүргізілді. Шара барысында полицейлер ІІО есебінде тұрған тұрғындарды мекенжайы бойынша тексеріп жатыр.