Қызылорда облысының полиция департаментінде оқу-әдістемелік жиын өтті
Қызылорда облысының полиция департаментінде оқу-әдістемелік жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықтың сенімін барынша иеленіп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау әрбір тәртіп сақшысына жүктелген басты міндет. Ал осы жауапкершілігі зор қызмет тәрбие мен тәртіптен басталатыны белгілі.
Ішкі істер органдарындарындағы басым бағыттардың бірі саналатын кадр қызметінің жекелеген құрылымдық бөлімше ретінде қызметті үйлестірудегі рөлі орасан. Халықтың мұң-мұқтажы үшін кез келген қылмысқа, құқық бұзушылыққа қарама-қарсы тұра алатын нағыз қызметкерлерді дайындап, шыңдау осы бір жауапты салаға жүктелген. Тиісінше бұл сала қызметкерлері әрдайым білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттырып отырады.
Осы ретте Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаровтың бастамасымен ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі, қалалық және аудандық полиция бөлімі бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ЖПҚБ ППР, ЖҚАЖ тәрбие және кадр жұмысы тобы инспекторларының қатысуымен «Ішкі істер органдарында кадр саясатын іске асыру» тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өтті.
Жиын барысында кадр саласының қызметкерлері сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.Оқу-әдістемелік жиынның ашылуында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары сөз сөйлеп, бұл шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
– Кадр саясатында еңбек ету әр қызметкерден кәсібилік пен жауапкершілікті, мұқияттылықты талап етеді. Қызметкерлерді іріктеу, дайындау, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымыз өте ауқымды. Әрбір қызметкердің міндеттерін тиісті деңгейде орындауының, біліктіліктерін үнемі арттырып отыруының, адал қызмет атқаруының, күйзеліске төзімді бола білуінің түп тамырында біздің жасап жатқан тынымсыз еңбегіміз тұр. Яғни біздің мақсатымыз – қызметкерлеріміздің жоғары тұлғалық қасиеттерін дамытып, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, қызметте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермей, Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтайтын қызметкерлерді даярлау. Бүгінгі күні біз шынайы нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарудамыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, полиция қашанда халыққа үлгі – өнеге болуы керек, – деді Оралбек Омаров.
Арнайы өткізілген іс-шара барысында кадр саласының қызметін реттейтін Жарлық, заңдар және бұйрықтардан 20 тақырып бойынша дәріс өткізілді. Бұдан бөлек, психолог мамандар «Басшы құрамның қарамағындағы сеніп тапсырылған қызметкерлерді басқаруы мен бақылауы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Күні-түні қызметте жүрген жеке құрам қызметкерлерін тәрбиелеуде, жалпы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуда, тәртіп пен заңдылықты, кәсіби шеберлікті арттыруда мұндай шаралардың мән-маңызы зор.