Шымкентте бастауыш сынып оқушылырына жолда жүру ережелері түсіндірілді
Шымкентте полицейлер жол қозғалысының кішкентай қатысушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарақат алмау үшін жолда өзін қалай ұстау керектігін бастауыш сынып оқушыларына мегаполистің жол полицейі түсіндірді. Патрульдік полиция полкінің бастығы Бақытқали Кенжебаев оқушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша сабақ өтті.
– Балалардың жарақаттануының себебі – негізінен жолға кенеттен шығу, жақын жүріп келе жатқан көліктің алдынан кесіп өту, жол үстінде немесе жанында ойнау, белгіленбеген жерден жүру. Осыған байланысты жол сауаттылығын меңгеру өте маңызды. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – кішкентай оқушыларымызға жол қозғалысы қағидалары бойынша білім беру, осы білімді күнделікті тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастыру және сол арқылы қала жолдарында балалардың қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу, – дейді Бақытқали Кенжебаев.
Сабақ барысында балалар жаяу жүргінші мен жүргізушінің байланысы туралы, көлік құралдарының жолаушылары мен жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелермен танысты. Ал сабақтың практикалық бөлігінде жеткіншектер жол белгілерімен танысып, қауіпсіздік бойынша сұрақтарға жауап берді.