Министрдің орынбасары 90 жасқа жақындаған сала ардагерін мерекемен құттықтады
Ішкі істер министрінің орынбасары мен Түркістан облысының бас полицейі 90 жасқа жақындаған сала ардагерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен Түркістан облыстық полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденов Түркістан қаласындағы жасы 90 жасқа жақындаған ардагердің халін сұрап, мерекемен құттықтап қайтты.
– Ардақты ардагеріміз болып ортамызда жүргеніңізге, полициядағы мамандарға ақыл-кеңесіңізді аямай, қолдау білдіргеніңізге мың алғыс. Жыл адамы атанған екенсіз, кітаптарыңызды көріп, таныстым, шығармашылығыңыз мұқалмасын, – деді арнайы іссапармен Түркістан өңіріне барған Айдар Сайтбеков.
Айта кету керек, ардагер Шаймерден Айтпенбетов ішкі істер органдарының барлық құрылымдарында қызмет еткен өз саласының маманы. Ол Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, ІІМ-нің «Құрметті зейнеткері», бүгінде 8 ұл-қызынан 37 немере мен 17 шөбере сүйіп отырған абыз ата.