ҚАЖД қызметкерлері қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілдерін мерекемен құттықтады
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілдерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков қоғамдық-бақылау комиссиясының мүшелерін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтады.
Сонымен қатар ҰБК төрағасы Ардақ Жанабиловаға ҚАЖ жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібековтың алғыс хаты табысталды.
– Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Қазіргі таңда, сотталған адамдарды қолдау мақсатында, үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен көптеген жобалар жүзеге асырылуда, – деді ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.
Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні мерекесі ҮЕҰ қосқан үлесі үшін қоғамның алғысы мен ризашылығын растайды.