Петропавлда УПП терезесін сындырған жігіт 15 тәулікке қамауға алынды
Петропавл полицейлері осыған дейін тыныштықты бұзып, жауапкершілікке тартылғаны үшін тәртіп сақшыларынан кек алған 18 жастағы жасөспірімнің ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 наурыз күні Петропавлда сағат 08:20 шамасында № 11 учаскелік полиция пунктінің қызметкері қызметке келіп, сынған әйнектер мен УПП тамбурының ашық кіреберіс есігін байқаған. Бейне бақылау камераларының жазбасын қарап шыққаннан соң кінәліні тез анықтау мүмкін болды. Ол сол күні таңертең тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тиісінше қоңырау сағат 04:20 шамасында «102» арнасына түскен.
Құқық бұзушының айтуынша, түнгі уақытта жабық болған полиция пунктінің мүлкін зақымдауын өзінің мас болуы және оған салынған айыппұлға ашулану себеп болған. Бейнежазбадан оның терезені сындырып, учаскелік полиция пунктінің үй-жайының кіреберіс темір есігін бұзып кірмекші болғандығын көруге болады. Медициналық куәландыру көрсеткендей, құқық бұзушы мас күйінде болған.
– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабы бойынша материал жиналды. Бесінші наурызда әкімшілік соттың шешімімен жас жігіт 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.