СҚО-да жас полиция қызметкерлері әріптестерінің аналарымен және әйелдерімен кездесті
СҚО-да жас полиция қызметкерлері әріптестерінің аналарымен және әйелдерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан полиция департаментінің мұражайында ұрпақтар кездесуі өтті. Жас полиция қызметкерлері қазіргі ер полиция қызметкерлерінің аналары мен әйелдерімен кездесті.
Ерекше іс-шараға қатысушылардың бірі келе жатқан 8 наурызымен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлованы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов құттықтады. Әйелдердің полицияның ірі ұжымында күнделікті еңбегі өте құнды екенін атап өтіп, тергеу, ювеналды полиция, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бағытында және басқа да салалардағы жұмысының жоғары тиімділігін атап өтті.
Кездесуге қонақ ретінде үш отбасының өкілдері қатысты.
Полиция қызметкері Қанат Фазылов — қазір есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі. 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонында қызмет атқарған. Әріптесі Сергей Ильченкомен бірге жол апаты салдарынан жол жиегіндегі еріген қар суына батып жатқан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысының өмірін сақтап қалды. Осы ерлігі үшін Қанат Фазылов «Ерігі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды. Мұражайдағы кездесуге полицей анасы Гүлжан Ермекқызымен бірге шақырылды. Әріптестерінің, полиция департаменті басшылығы қошеметімен офицердің анасына ұлын лайықты етіп тәрбиелегені үшін тағы да алғысын білдірді.
Полиция майоры Әсем Ілиясова Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары туралы айтып берді. Өмірлік қиындыққа тап болған адамдардың мәселелерін шешу үшін кәсібилікті, төзімділікті және нақты нәтижелерді талап етеді. Әсем Ілиясова жас әріптестеріне кәсіпқойлықты қалай арттыратыны және қиын жұмыс үшін қайдан күш алатыны туралы сөз етті.
Жиын соңында жиналғандар жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисті Жанат Ахметжановтың отбасымен жақынырақ танысты. Кездесуге ол жұбайы Мәдина Амангелдиевнамен келген. Офицер әріптестерінің алдында әйеліне қолдау, сүйіспеншілік және үйдегі жайлылық үшін жылы лебізін білдірді.
Ұрпақтар кездесуін полиция департаментінің мәдени орталығы әртістерінің музыкалық нөмірлері безендірді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мұражайының меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, мұндай форматтағы мереке алдындағы кездесулер жас полиция қызметкерлерін ауыр қызметтен бой жазып, өз жұмыстарын сырттан көруге және халық пен мемлекеттің игілігі үшін одан әрі қызмет ету үшін оптимизммен қуат алуға мүмкіндік береді.