Антқа адал, сертке берік шенді ару
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.
Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінде көрікті әйел өкілдері қызметтің ауырлығына қарамастан, қойылған міндеттерді сәтті орындай отырып, барлық бөлімшелермен бірдей жұмыс істейді, үйге оралғанда, олар балалармен сабақ оқуға, дәмді кешкі ас дайындауға, жақын отбасылық шаңырақта туыстарымен араласуға уақыт табады. Егер ол көшеде келе жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көзқарасы оған еріксіз тоқтайды. Қызыға қарайды. Көптің көңлінен шығатын көп полицей арудың бірі – Әсем Рақымова. Ол әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топтың инспекторы.
– Заң саласында қызмет етуді бала кезден армандадым. Павлодар Инновациялық Еуразия университетін бітіргеннен кейін, 2001 жылы полицияға қызметке келдім. Ертіс ішкі істер бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы болып тағайындалдым. 2019 жылы Павлодар қаласына осындай лауазымға ауыстырылдым. Содан 23 жылдан бері әйелдерге көмектесіп келемін, – дейді Әсем.
Қызмет еткен жылдары ол көптеген әйелге үйдегі озбырлықтан құтылуға көмектесті. Бір жағдайда, Павлодар қаласының тұрғынын жұбайы бірнеше рет ұрып-соққан. Әйел ауруханаға дене жарақатымен жүгінді.
– Хабарлама алғаннан кейін мен жәбірленушімен сөйлестім, оны дағдарыс орталығына орналастырдым. Менімен бірге онымен орталықтың психологтары мен заңгерлері жұмыс істеді. Өткен жылдың соңында ол өмірін түбегейлі өзгертті, Ресейге көшті, жұмысқа орналасты және тұрмыс құрды. Мұның бәрі біздің жұмысымыз құрылып жатқан берік заңнамалық базаның және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылдың арқасында, – дейді кейіпкеріміз.
Әсем кәсіби білімін арттыру үшін психология және коммуникативтік дағдылар саласындағы әдебиеттердің жаңалықтарымен үнемі танысады. Бос уақытында әртүрлі тренингтерге қатысады және тоқумен айналысады. Жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.
– Мені әр ісіме жауапты болуға үйреткен ата-анама ризамын. Барлық қыз-келіншекті гүлденген көктем, сұлулық пен талғампаздық мерекесімен құттықтаймын. Күндеріңіз махаббатқа, қамқорлыққа және қуанышқа толы болсын, — деп Асем ақ тілегін білдірді.