Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталған әйелдер арасында “Көктем аруы” байқауы өтті

Абай облысында сотталған әйелдер арасында “Көктем аруы” байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы әйелдер колониясында “Көктем аруы – 2024” атты сұлулық сайысы өткізілді.
Жазасын өтеп жатқан 200 сотталған әйелдер ортасынан бес әйел сайысқа қатысуға батылдықтарын білдірді.

Сайысқа 25-32 жас аралықтағы қыз-келіншектер қатысты. Арулар байқауы бес бөлімнен тұрды: өз-өзін таныстыру, эрудиция, даңқ минуты, вокал, би, және бесінші кезең ол құпия сандық. Құпия сандық ішіндегі бар киім-кешектен олар кешкі үлгідегі немесе спортзалға киетін киімдер жинау керек болған.

Көктем аруы атағы Павлодар қаласынан 8 жылға бас бостандығынан айырылған 32 жастағы сотталған жеңіп алды. Сайысқа қатусышылар Жарма ауданы прокуроры Ерлан Кайнолдаевтың қолынан сыйлықтар алды, ол сотталған әйелдерді көктемгі әйелдер мерекесімен құттықтау үшін іс-шараға арнайы келді.

– Бұл менің колониядағы алғашқы мерекем. Бүгін мен жоғары өнер көрсеттім, оны қазылар алқасы да жоғары бағалады. Сотталғанға дейін мен есепші болып жұмыс істедім. Менің екі жоғарғы білімім бар. Өкінішке орай осы жерге тап болдым, бірақ мен берілмеймін және келесі 8 наурыз мерекесінде мен отбасымның ортасында боламын деп сенемін. Менің ұлым мен қызым бар. Олар мені күтуде және менің өмірімдегі осы қара жолақты жеңуге күшім бар. Мен барлық әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын және оларға тек бақыт тілеймін!, – деп сотталған өз эмоцияларымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру