Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: полицейлер 362 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті

Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында республика аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға 10 мыңға жуық полицей, оның ішінде патрульдік және учаскелік полиция инспекторлары және басқа да қызметтер жұмылдырылды. Республикалық маңызы бар, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісінде барлығы 6 мыңға жуық автопатруль жұмылдырылды.

Жол қозғалысын қадағалау кезінде полицейлер 362 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, оның ішінде сақтандыру полисінсіз көлік құралын басқару – 11 мың, жолаушыларды заңсыз тасымалдау – 263, мемлекеттік нөмірсіз және тіркелмеген көлік құралын басқару – 2,6 мың, қарсы жолаққа шығу – 590, тыйым салу сигналына өту – 4,8 мың, мас күйінде басқару – 1,7 мың, ЖКО болған орынды тастап кету – 1 мың, басқару құқығы жоқ адамды авто басқару – 2,6 мың, көлік басқару құқығы жоқ адамның рөлге отыруы – 535, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы – 46,1 мың.

Сонымен қатар патрульдік автокөліктерде орнатылған автоматтандырылған бекіту құралдарымен белгіленген қозғалыс жылдамдығының 87,5 мың фактісі анықталды.

9,2 мың көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру