ҚАЖД қызметкерлеріне дін мәселесіне қатысты дәріс өткізілді
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №71 мекемесінде жеке құрам арасында дін мәселесіне арналған дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарманың білікті теологтары Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №71 мекемесінде жеке құрам арасында дін мәселесіне арналған дәріс өткізді.
Дәріс барысында дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанған сотталғандармен жұмыс барысында қолданылатын тәрбиелік шаралар талқыланды.
Теріс діндегі сотталғандарды дерадикалдандыру жұмысы уақыт пен еңбекті, ұтымды тәсілдерді қажет ететіні сөзсіз. Бұл бағытта мекеме теологтарымен бірге басқа қызметкерлердің де жұмыла жұмыс істеуі қажет.
Жетісу облысы дін істері басқармасының теологы, дінтанушы-психолог, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қанат Мүтебаев жеке құрамды дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес дін ағымдарын ұстанушылардың айырмашылығымен де жан-жақты таныстырды.